Калейдоскоп

Синоптиктер алдағы күндері ауа температурасы +32°С дейін жоғарылайтынын болжады

6 қыркүйек күні топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі

«Қазгидромет» РМК синоптиктері демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды, KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, демалыс күндері жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Әлі де антициклон еліміздің аумағының көп бөлігін қамтиды. Тек елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауады: республиканың шығысында түнгі уақыттарда қарға айналуы мүмкін. Қазақстан бойынша жел күшейеді.

Түнгі және таңертеңгі уақытта республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман басады. 16 қыркүйек күні топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Күндіз ауа температурасы республиканың батысында +20+30°С, солтүстік-батысында +12+25°С, шығысында +5+18°С, оңтүстігінде +23+32°С, елдің солтүстігінде және орталығында +15+23°С-тан +10+18°С, оңтүстік-шығысында +10+23°С-тан +15+27°С-қа дейін көтерілуі күтіледі.