Спорт

27 шабандоз қатысқан аламан бәйгеде Айқабақ бірінші болып келді

Қазақстан қоржыны бір алтын, бір күміспен толықты.

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында 25 шақырымдық Аламан бәйгеде қазақстандық екі тұлпар жүлделі орынға ие болды, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат қалып, бірінші болып «Айқабақ» келді.

«Жұмыртұяқ» екінші болып, қырғызстандық сәйгүлік – «Қара қыз» үшінші болып келді.

Қазіргі кезде Қазақстан қоржыны бір алтын, бір күміспен толықты.

1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Ансар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан);
2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан);
3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).