Мәдениет

Астанада өткен Димаш Құдайбергеннің концертінен кейін жанкүйерлері стадиондағы қоқысты жинап кетті (ВИДЕО)

Тазалық акциясына "Астана Жастары" КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды

13 қыркүйек күні Астанада концерті өткен әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері стадиондағы қоқысты жинаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Қазнетті таңғалдырды: Димаштың елордалық жанкүйерлері концерттен кейін стадионды қоқыстан тазартты", - делінген Астанада әкімдігінің желідегі ресми парақшасында жарияланған видео астындағы жазбада. 

Ведомство өкілдері мұндай тазалық акциялары елордада тұратын әрі қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар үшін игі дәстүрге айналғанын айтады. 

“Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таңғалды. Тазалық акциясына "Астана Жастары" КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды", - дейді олар. 

Еске салсақ, 13 қыркүйекте Астанадағы "Астана Арена" стадионында әлемге әйгілі әнші, отандасымыз Димаш Құдайбергеннің STRANGER атты жеке концерті өтті. Мәдени кешті ұйымдастырушылардың айтуынша, Димаш Құдайбергеннің жеке концертіне әлемнің 80 елінен 10 мыңнан астам шетелдік қонақ келген.