Спорт

Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерді марапаттады

Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушыларының арасынан 5 азаматқа «Парасат» ордені табыс етілді

Президент Қазыс-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Паралимпиада жүлдегерлері мен бапкерлері марапатталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Париж қаласында өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар мен атлеттердің алтын медаль және күміс, қола медальдарына қол жеткізді.

Алтын медаль иегерлері Дегтярев Давид Мамиевич  І дәрежелі және Науатбек Ақмарал Маратқызы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Күміс медальға ие болған Ғаббасов Еркін Тілеуғабылұлы, Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы және Шәмей Ерғали «Парасат» орденінің кавалерлері атанды.

Паралимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Мұқашбеков Дастан Мұратұлы, Райфова Зарина Райфқызы, Федосова Даяна Владимировна және Шүкірбеков Жұрқамырза Бақытұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.

Ұлттық құрама бас бапкерлері мен спортшылардың жеке жаттықтырушыларының арасынан 5 азаматқа «Парасат» ордені табыс етілді. Ал 7 адамға «Құрмет» ордені беріліп, екі жаттықтырушы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.