Қоғам

«Екі қолы мен екі аяғы екі жақта, беті бұзылған»: көршісі сол күні анасы мен қызының қалай өлтірілгені туралы айтты (ВИДЕО)

Марқұмның қызы мектепте дене шынықтыру мұғалімі болып жұмыс істеген күдіктінің сол күні наша шегіп алғанын айтты

Белгілі журналист Түркістан облысында ер адамның қолынан азаппен көз жұмған анасы мен қызының өлімі туралы жазды. Айтуынша, дене шынықтыру сабағынан беретін мұғалім бір жыл бұрын 15 жастағы Нұрияға көз салып, мазасын қашырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Марқұмның күйеуі 15 жыл бұрын қайтыс болып кеткен. Үш баланың екеуін ұзатқан ол, үшінші қызымен тұрып жатқан. Мектепте аспазшы болып жұмыс істеген. Марқұмның қызының үлкен қызының айтуынша, ер адам екеуін аса қатыгездікпен өлтірген.

«Өмірден озған анам Зарипа Нарымбетова және сіңілім Толғанбаева Нұрия адам қолынан қаза тауып отыр. Екеуін аса аяусыздықпен өлтірген. Барлық бөлме қанға бөленген. Сіңілім қашқан. Оны үйге келген кісілер суретке түсіріп алған. Алайда, бізге қазір оны бермей отыр», - дейді марқұмның қызы.

Көршісі Заманбекова Рауза сол күні түнде үйге барған. Сөйтсе азаптанып жатқан анасы мен қызын көреді.

«Сол күні түнде Дәулет деген көршіміз келіп, мына үйге кіріңізші балалар ұрып кетіпті дегенге кіріп, қызды анасын көрейінші дедім. Нұрияның дауысы шығып тұрған. Соны барып көрейін деп жарықты жақсам, айтуға келмейді. Мүмкен емей айтуға. Оны жалаңаш күйінде көріп, не көргенімді білмей қалдым. Содан шешесіне Зарипа дедім. Бөлмесіне кірсем анасын ұйықтаған хәлде өлтірген», - дейді көршісі.

Қыздың әпкесінің айтуынша, күдікті сол күні наша шегіп алған. Оны егізі айтыпты.

«Бізді тергеуге шақырды. Сыртында тұрғанымда Аханов Абайдың сыңары мен әпкесі келіп, қылмыскерге түскі ас бересіңдер ма деп сұрады. Және ол Абайдың сыңары келіп кешірім сұрады, оның наша шегіп алғанын да маған айтты. Тіпті оның екі кісі болғанын да нақтылай айтты. Абайдың әпкесі кешірім сұрама деп сыңарын алып кетті», - дейді марқұмның қызы.

Күдікті 29 жаста және 3 баланың әкесі. Әйелі 4-не жүкті.