Қоғам

«Менің көзімше құрбыммен төсектес болды»: 13 жасынан ер адамнан сексуалдық зорлық көрген Айша сұмдық дүниелерді айтты (ВИДЕО)

Полициядан көмек болмағандықтан қорғансыздың күнін кешкен ару осылайшы заңгерге бар шындығын жайып салды

Айша есімді енді ғана 18-ге толған бойжеткеннің тағдыры елді шошытты. Ол 13 жасынан бастап ер адамның қорқыту, зорлау, попсалауында болған. 7-сыныпқа дейін жақсы оқыдым деген қыз әрі қарай мектепті де тастапты, деп хабаралйды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол заңгер Айгүл Орынбекке берген сұхбатында баяндап берді. Айша есімді арудың айтуынша, ер адам оны 13 жасында жыгныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.

«Оның қинауымен 13 жасымда төсек қатынасы болды. Ол егер үйдегілерге айтсам, менің суреттерім мен видеоларымды жіберемін деп бопсалауды бастады. Төсектегі киімсіз суреттер мен видеолар еді. Менің көзімше құрбымды алып келіп, онымен төсектес болды. Ол 2005 жылы еді. Жақсы оқып жүрдім 13 жасқа дейін, одан соң мектепке бармадым», - дейді Айша.

Полициядан көмек болмағандықтан қорғансыздың күнін кешкен ару осылайшы заңгерге бар шындығын жайып салды.