4 жыл екі айға: коронавирус пандемиясынан кейін жасөспірімдердің миы қартайып кеткен
Балаларды әлеуметтік желілерден алшақтатып, ортасымен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік жасау керек екен
АҚШ ғалымдары бүкіл әлемді шарпыған коронавирус пандемиясынан кейін жасөспірімдердің миының қартайып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап.
АҚШ ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес, жеткіншек қыздардың миы орта есеппен 4 жыл екі айға, ал ер балалардың миы бір жарым жылға қартайып кеткен.
Ғалымдар балалардың пандемияға дейін түсірілген ми қыртысының суреттерімен одан кейінгі суретін салыстырған кезде, өзгерістерді байқаған. Зерттеушілердің сөзінше, жасөспірімдер стресске бейім, әрі миы да аса сезімтал келеді. Індеттен кейін балалар миының қартаюының жеделдегені осыдан деп есептейді.
Ғалымдардың дерегіне сәйкес, мұны қалыпқа келтіру үшін жеткіншектерге психикалық қолдау көрсету маңызды.Балаларды әлеуметтік желілерден алшақтатып, ортасымен қарым-қатынасын жақсартуға мүмкіндік жасау керек дейді олар.