Мәдениет

Баян Мақсатқызының қалай ана атанғаны белгілі болды

Айсәуле Бақытбек қос сіңлісі қалай пайда болғанын айтты.

Жақында ғана қос қыз баланың ата-анасы атанған Тұрсын Алагөзов пен Баян Есентаева бірінші қыздарын қырқынан шығарды. Мерекелік жиынға жақын туыстары мен достары шақырылған. Қонақтар арасында отырған Салтанат  Байқошқарова көпшіліктің назарын өзіне аударды. одан бөлек Айсәуле Бақытбек сол отырыстан видео жариялап, Қазақстандағы номері бірінші ЭКО маманына алғыс айтқан.

"Міне, Салтанат Берденқызы. Ол бүгін төрде отыр. Өйткені осы кісінің арқасында бізде қазір Алиса мен Алма бар. Ол анам мен Тұрсын ағаның арманын жүзеге асыруға көмектесті. Қазақстандағы ЭКҰ бойынша бас дәрігер", - деп жазды Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі парақшасында.