Қоғам

Алматыда көпқабатты үйден екі жасөспірім қыз құлап, көз жұмды

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр

16 қыркүйек күні Алматыда екі қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Оқиға Алмалы ауданындағы тұрғын үй кешенінде болған. Куәгерлер төтенше жағдайлар қызметіне хабарлаған. Алайда жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері балаларды өлімнен құтқарып қала алмаған.

Оқиғаға қатысты Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

«Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.