Саясат

Әли Алтынбаев ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болып Әли Алтынбаев тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.