“Туған балаңыз ба”: Ерке Есмаханға желі қолданушысы тосыннан сұрақ қойды
Мынадай сұраққа дайын болмадым
Белгілі әнші Ерке Есмаханға әлеуметтік желідегі оқырманы бірінші ұлы туралы сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әншіге оқырмандарының бірі “Үлкен балаңыз туған балаңыз ба, әлде ініңіз бе?" деген сұрақ қойыпты.
"Халық менің өмірімнің жілігін шағып, майын тамызып қойған деп ойлайтынмын. Мынадай сұраққа дайын болмадым", - деп жауап берді Ерке Есмахан.
Оның салмағына да қатысты сұрақтар қойылды.
"Бұрынғы киімдерімді аяғым ауыр кезде бекер сатып жіберген екенмін. Сыймайды деп ойлағанмын ғой. Сөйтсем, босану мен үшін әншейін сән екен ғой. 53 келімін. Шүкір", - деп жазды Ерке Есмахан.