Спорт

Елдос Сметов Париж Олимпиадасында намысына тиген оқиғамен бөлісті

Олар бірдеңе айтып жатты, мен тек қарап тұрдым

Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов Париждегі Олимпиада ойындарында ағылшын тілін білмегені үшін намыстанған, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.                     

Спортшы бұл туралы "Қызық Times" бағдарламасында баяндады.

"Намысым келген бір жағдай болды. Олимпиадағы жеңістен кейін кешке басшылық пен Олимпиада чемпиондары бас қосқан мерекелік кешкі ас ұйымдастырылды. Барлығы құттықтауға келеді. Мен тек congratulations (құттықтаймын) деген сөзді түсінемін, барлығына thank you (рақмет) деп жауап беремін. Олар бірдеңе айтып жатты, мен тек қарап тұрдым. тіл білмегенім үшін қатты ұялдым. Мен бәрін түсінгендей кейіп танытып, алғыс айттым, бірақ олардың не айтқанын түсінбедім. Сөйлеп жатқандарына қарап, мені мақтап жатқанын сездім", – дейді Олимпиада чемпионы.