Мәдениет

“Көз тимейтін болады”: Баян Мақсатқызы күйеуінің туған күніне ерекше сыйлық берді

Гауһартастары бар, алтыннан жасалған бұйым берді

Продюсер Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсен Алагөзовті туған күнімен құттықтап, ерекше сый жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол күйеуіне арнайы тортқа тапсырыс берген. 

"Күйеуіме не сыйласам екен деп көп ойландым. Ойлана келе, мынадай бұйымға тапсырыс бердім. Гауһартастары бар, алтыннан жасалған зергерлік бұйым. Бұл сені бәле-жаладан қорғайды. Енді саған көз тимейтін болады. Туған күніңмен құттықтаймын, сені жақсы көремін", - деп Баян күйеуіне сыйлығын табыстады. 

Ол Тұрсен Алагөзовты туған күнімен дастархаү басында құттықтаған.