Алматы облысында жұмыс уақытында ішімдік ішкен депутат пен әкім орынбасарлары өздерін видеоға түсірген қоғам белсендісінің үстінен арыз жазды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қыркүйек, 2024
- 182
Қыркүйек айының басында белсенді Күнсұлу Мүлікбаева бейнежазба жариялап, онда Алматы облысының депутаты мен екі әкім орынбасары жұмыс уақытында алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын көрсеткен болатын. Алайда, полиция қызметкерлері лауазымды тұлғаларға қатысты хаттама толтырудан бас тартқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ал Жетісу облысы Кербұлақ ауданының прокуратурасы белсенді өзіне жала жапты деп айыптаған.
Әкім орынбасарлары Мүлікбаева жалған ақпарат таратты деп полицияға арыз жазған. Сонымен қатар видеоға түсіру арқылы қызметтік міндеттеріне салғырт қарағандай етіп көрсеткенін атаған.
«Егер Жолжанов пен Абденов сотта мені жала жапты және жалған донос жасады деп дәлелдесе, олар әрі қарай өз орындарында қалады. Ал дәлелдей алмаса, онда олар ұятпен кетеді. Осындай жағдайлармен жалғыз күресу қиын, бірақ мен берілмеймін және соңына дейін барамын!», - дейді Күнсұлу Мүлікбаева.