Мәдениет

«Күйеуімді үйлендіріп жіберген»: Меруерт Түсіпбаева ажырасуына енесінің себеп болғанын айтты

Әнші ұлының балалық шағында жанында бола алмағанына өкінетінін айтып, көз жасына ерік берді

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Меруерт Түсіпбаева кезінде күйеуімен ажырасуына енесінің себеп болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы әнші “Иірім” бағдарламасында журналист Гүлмира Әбіқайға айтып берді.

“Студент кезімізде шаңырақ көтердік. Енем мені қабылдамады. Жолдасым Шымкент өңірінің жігіті еді. Сол заманда несиеге үй алып, қалада тұрып жатқан едік. Бір күні енем келді де, күйеуімді ауылға алып кетті. Шымкенттегі зауытқа жұмысқа тұрғызып, маған айтпай үйлендіріп жіберген. Содан өте қиын күндер басталды. Киім болмай, ақша жетпей қолдан киім тоқып киген күндерім де болған. Жатақханада тұрғанда, тосап жауып, ақша тапқан едім. Жақындарыма көмектесу керек болды”, – деді Меруерт Түсіпбаева. 

Бұдан басқа әнші күнкөрістің қамымен жүріп ұлының балалық шағында жанында бола алмағанына өкінетінін айтып, көз жасына ерік берді.