Аймағамбетов: сабақтарды 30-40 минутқа қысқарту хаос тудырады
Бұған дейін әрбір мектеп оқушыларды оқыту сағаттарын өздері белгілеуге құқылы екені туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтқан болатын
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов елдегі кейбір мектептерде сабақтардың ұзақтығын 40 минутқа қысқартуға қатысты жауап берді. Бұған дейін Павлодардағы барлық мектептерде сабақтар 40 минутқа ғана созылатыны белгілі болған еді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Павлодар облысының басшылығы сабақтарды 30 минутқа қысқартуға ойланбаған екен. Өйткені, егер осындай логикамен жүретін болсақ, жаңа мектептер салудан бас тартып, төрт ауысымды оқуға оңай өтіп, жүздеген миллиард теңгені үнемдеуге болатын еді. Шындығына келгенде, Павлодардағы сабақтардың ұзақтығын 30-40 минутқа қысқарту сұрақтар тудырады", – деп жазды Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram-каналында.
Депутаттың айтуынша, жергілікті биліктің таңдауы әрбір аймақ өз қалауы бойынша шешім қабылдай бастайтын прецедент тудыруы мүмкін, бұл елдегі білім беру жүйесінде алауыздыққа әкеледі.
"Аймақтар бойынша мектеп сабақтарының әртүрлі уақыттық шектері және әкімдікке ыңғайлы кез келген жағдайда қашықтан оқуға көшу оқыту үдерісін ұйымдастыруда хаос тудырып, білім сапасына және барлық оқушылар үшін тең жағдайларға кері әсерін тигізеді. Әсіресе, оқу бағдарламаларының мазмұны мен оқу мақсаттарының көлемі өзгермегенін ескерсек", – деп қосты депутат.
Бұған дейін әрбір мектеп оқушыларды оқыту сағаттарын өздері белгілеуге құқылы екені туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтқан болатын.