«Бірнеше әйел бір еркекке тігісі келсе неге тоқтатамыз?!»: Мұхтар Мағауин көп әйел алуға байланысты ойын айтты
Еуропада әйелге әйел, еркекке еркек үйленіп жатыр
Қазақстанның халық жазушысы, Мұхтар Мағауин көп әйел алу туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жазушы бұл туралы журналист Ләззат Мырзашқа берген сұхбатында айтты.
«Мен көп әйел алу туралы 1993 жылы «Бір отбасы, бір үйелмен» деген «Лениншіл жасқа» мақала жазғанмын. Аламын деген адам ала берсін. Мысалы, Еуропада әйелге әйел, еркекке еркек үйленіп жатыр. Неше түрлі былық. Бұл табиғи нәрсе. Егер бірнеше әйел бір еркекке тиігісі келсе неге біз тоқтатамыз?! Әйелді әйел алып жатқан жоқ қой. Зайырлы мемлекет болғандықтан, Конституция бойынша рұқсат жазылмайды. Бірақ, мұны заң жүзінде қудалауға болмайды», - деді жазушы.