Саясат

Экология және табиғи ресурстар министрі: жалақы да, зейнетақы да аламын (ВИДЕО)

Ол сөзінде мемлекет басшысы оның өкілеттігін ұзартқанын жеткізді

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жалақы да, зейнетақы алатынын айтты. Ол шамамен - 160 мың теңге, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

“Иә, мен зейнетақы да, жалақы да аламын. Мемлекет басшысы өкілетімді ұзартты. Бұл маған жауапкершілік жүктейді. Мен жұмыс істеп, Отаныма пайда әкелуге тырысамын. Өйткені, менде жеткілікті тәжірибе жинақталған. Уақыт өте әрқайсыңыз өмірде және жұмыста жинаған тәжірибе құнды екенін түсінесіздер”, - деді Нысанбаев.

Министр жасы үлкен болса да, өз міндетін сапалы орындауға бар күшін салатынын жеткізді.

«Өйткені, менің күш-қуатым, білімім мен тәжірибем бар. Қазақта «үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген жақсы сөз бар. Мен жастардың жолына бөгет болған емеспін. Алайда, өзімнің міндетімді сапалы орындаруға бар күш-жігерімді саламын», - деді министр.