Басты жаңалықтар

Ұлттық Ұланға қолбасшы болып Аңсаған Балтабеков тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен бұған дейін осы қызметте болған Еркін Советбекұлы Ботақанов лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады.

Мемлекет басшысының өкімімен бұған дейін осы қызметте болған Еркін Советбекұлы Ботақанов лауазымынан босатылды.

Аңсаған Скендірұлы Балтабеков 2002-2017 жылдары Мемлекеттік күзет қызметінде әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

2017-2019 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет істеген.