Мәдениет

«Үлкен адамға тұрмысқа шығамын» деп айтатынмын»: Көпен Әмірбектің өзінен 36 жас кіші келіншегі естеліктерімен бөлісті

«Кішкентай Жұбаныштың қызығын көріп, үйлендіріп, соның баласын құшағыма басып кетсем ешқандай арманым жоқ» деуші еді

Белгілі сатирик Көпен Әмірбекұлының екінші әйелі Әйгерім Асанова оның кенеттен көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол  "Астарлы ақиқат" бағдарламасында қонақ болды. Айтуынша, сатирик асқазанына жасаған отаны көтере алмаған. Көзі тірісінде кіші ұлын әрдайым қасында ертіп жүрген екен.

"Жұбанышты әскери салаға барса екен деп армандайтын. Өнерге жақындатқысы келмеді. Бірақ үшке толғанда өзімен бірге алып жүретін. «Құдай қанша ғұмыр берер дейсің, қасымда жүрсін әрдайым» деп ертіп кететін. «Кішкентай Жұбаныштың қызығын көріп, үйлендіріп, соның баласын құшағыма басып кетсем ешқандай арманым жоқ» деуші еді. Өкінішке қарай, ол арманына жетпеді. Қазір Жұбаныш жігіт болып қалды. Тоғыз жасқа толды. Әкесі сияқты әзіл-қалжыңға жақын. "Абайдың туған күнінде туған, бұл өзі тегін бала емес деп айтып отыратын", - дейді сатириктің келіншегі.

Әйгерім Асанова өзінен бірнеше жас адамға тұрмысқа шықанының себебін те түсіндіре кетті.

" Біреудің өмірін бұзған жоқпын.  Алланың алдында арым таза. Әжемнің қолында өскеннен кейін болар, оқушы күнімде «Үлкен адамға тұрмысқа шығамын» деп айтатынмын. Әжем «Түзу сөйле, сөздің киесі бар» деп ұрысатын. Солай өз тілімнен тапқаным ғой. Бірақ өкінішім жоқ. Көпеннің бірінші отбасымен, балаларымен қарым-қатынасымыз өте жақсы», - дейді ол.