«Ешкіммен сөйлеспейді»: Димаш Құдайбергеннің ата-анасы әншімен тек телефонға жазып сөйлесетінін айтты
Концертке 10 мыңнан астам шетелдік жанкүйер келді
Димаш Құдайбергеновтің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар әнші концертінің алдында ешкіммен сөйлеспегенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында әңгімеледі. Айтуынша, Димаш Құдайбергеннің концертіне 10 мыңнан астам шетелдік жанкүйер келген.
"Барлығы да ойдағыдай, аман-есен өтті. Барлығы да қолдап келген елдің арқасы. Концертті өткізу барысында 500-ден астам адам қызмет жасады. Концертке 10 мыңнан астам шетелдік жанкүйер келді. Олардың көпшілігі Америка, Испания, Лондон, Қытай, Италиядан келген қонақтар", - деді қанат Айтбаев.
Димаш концерт беретін кезінде ешкіммен сөйлеспейді екен. Анасының айтуынша ол осылайша дауысын сақтайды.
"Димаш концерттің дәл алдында көбіне дауыстың тыныштығын сақтайды. Ондай кезде ешкіммен сөйлеспейді. Бұл дауыстың сапалы шығуына, салмақ түспеуіне әсер етеді. Біз де Димаштың тыныштығын сақтап, мазасын алмауға, онымен сөйлеспеуге тырысамыз. Ол тіпті бізбен де телефонға жазып сөйлеседі", - деді әншінің анасы.