Қоғам

Алматыда автобуста құлаған кондуктор сол жерде көз жұмды

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Алматы маңындағы ауылдар арасында жүретін автобуста кондутор құлап, көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 18 қыркүйек күні түстен кейінгі уақытта болған.

«Алматы-Көкпек-Көктал автожолымен жүретін маршруттық автобустың кондукторы салоннан құлап қалғаны анықталды. Оқиға салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Бұл факт полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.