Ақбота Сейітмағамбет ресми түрде есімін ауыстырды (ФОТО)
Өнер иесі халыққа «Ақбота-Нұр» лақап атымен танылған болатын
Әнші, әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет ресми түрде төлқұжаттағы есімін ауыстырды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Өнер иесі халыққа «Ақбота-Нұр» лақап атымен танылған болатын. Енді бұл есімін жеке куәлігіне енгізді.
«Сүйінші, енді Бота ресми түрде Ақбота-Нұр», - деп жазды ол.
Ал құжатта Ақбота Сейітмағамбеттің аты-жөні «Даирбек Ақбота-Нұр» деп көрсетілген.