«Зеренді-Астық» ЖШС: Ақмола облысының ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының біріне қауіп төніп тұр (ФОТО)
Бүгінде 40 мың гектар жерді игеріп отырған ЖШС алаяқтарға тап болып, ұзақ уақыттан бері сот әлегімен жүр.
«Зеренді-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көп жылдан бері Ақмола облысының жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі, ол 40 мың гектардан астам жерді пайдаланады. Алайда, бүгінде бұл ірі шаруашылық жер құжаттарына қатысты заңсыз алаяқтық әрекеттерге тап болып, ұзаққа созылған сот процестерін өткеріп жатыр.
«Зеренді-Астық» ЖШС жерінің басым бөлігі үлестік болып келеді. Бұл оларды жеке тұлғалар компанияның жарғылық капиталына енгізген дегенді білдіреді. Өкінішке қарай, кейбір үлескерлер жерді кәсіпорын құрамынан шығаруға әрекет етіп жатқан үшінші тұлғалардың ықпалымен Серіктестік құрамына шығу және жаңа ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құру туралы жалпы жиналыс хаттамаларын рәсімдей бастаған. Бұл хаттамаларда азаматтың заңнамалар бойынша көптеген ақаулар жіберілген және олар сот шешімдерімен расталған. 2022 жылғы 5 сәуірдегі жиналыс хаттамасы Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 2023 жылғы 9 қарашада заңсыз деп танылса, 2023 жылғы 29 наурыздағы дәл осындай құжат Алматы облысы МАЭС шешімімен 2024 жылғы 13 тамызда күшін жойған.
Көзге ұрып тұрған заң бұзушылықтарға қарамастан, жергілікті атқарушы органдар заңды ескермей келеді. Ауданның жер қатынастары бөлімі бұл заңсыз хаттамалар негізінде жаңа құқық растайтын құжаттарды дайындаған. Оның қатарында жалдау шарты мен жерді пайдалануға құқық акті бар. Нәтижесінде «Зеренді-Астық» ЖШС жерінің жартысына жуығынан айырылып отыр, ал бұл оның қызметіне үлкен нұқсан келтіріп, қаржылық міндеттерін орындауын қиындатуда.
2021 жылдан бастап кәсіпорынның стратегиялық инвесторы «Қазақстан астық консорциумы» компаниясы болды. Ол «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-нан жерге кепіл құқығын сатып алып, кәсіпорынды сауықтыру және «Зеренді-Астық» ЖШС активтерінің шығынын болдырмау мақсатында қарыздарды өз мойнына алды. Инвестор тек бұл кәсіпорынды ғана емес, сонымен қатар бұрын «Қазэкспортастық» холдингіне кірген басқа да кәсіпорындарға белсенді қолдау көрсетуде. Үш жылғы жұмыс ішінде ол салық және еңбекақы бойынша қарыздарды түгел жауып, көктемгі қара және егін жинау жұмыстарын қаржыландырды. Бұл жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Үлескерлермен дауға және сот зерттеулеріне қарамастан, инвестор «Зеренді-Астық» ЖШС қатысушыларын үлестік төлемдермен қамтамасыз етіп, жергілікті тұрғындардың өміріне де белсенді араласып келеді. Компания әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындарға қолдау көрсетіп, абаттандыру жұмыстарымен айналысады. Олардың қатарында қыста жол тазалау, балалар мен қарттарға материалдық көмек көрсету, фельдшерлік-амбулаториялық пунктілерді жөндеу жұмыстары бар. Бұлар компанияның әлеуметтік жауапкершілігі аясында тиімді жүзеге асып жатыр.
«Зеренді-Астық» ЖШС директоры Қайрат Ахметовтың айтуынша, үлескерлер жоғары табысты уәде етіп отырған белгісіз тұлғалардың ықпалынан шыға алмай отыр.
«Бұл уәделердің көбі – бос сөз. Олар заңсыз жолдармен өз компанияларына тіркеп алған жерлерге егін егілмей, арам шөп басып жатқанын қазір көріп отырмыз. Бұл біздің үлескерлерді өз жағына өтуге шақырып отырған адамдардың ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізе алмайтынын көрсетеді. Жермен жұмыс істегенде жер өңдеу мәдениетін сақтау керек. Агро қызмет кәсіби жүргізілуі тиіс. Бұдан өз кезегінде біздің «Зеренді-Астық» ЖШС компаниямыз бен инвесторымыз – «Қазақстан астық консорциумы» үлкен шығынға батып отыр. Өйткені, біз төлеп отырған қарыздар біздің мойнымызда қалды, ал жерді біз екі есе аз игеріп отырмыз», – деді Қайрат Ахметов.
2023 жылы Зеренді ауданының әкімдігі «Зеренді-Астық» ЖШС-не хабар бермей және оның өкілдерінің қатысуынсыз жер комиссиясының отырысын өткізіп, жер учаскелерін басқа жер пайдаланушыларға беру туралы мәселені қараған. Бұл жиналыстың заңдылығы күмән келтіреді. Өйткені, БАҚ арқылы хабарландыру берілмеген және Серіктестік қатысушыларын хабарландырмаған, сондай-ақ қатысушылардың серіктестіктен шығу туралы өтініштері ұсынылмаған.
«Жақында маған «Зеренді-Астық» ЖШС басшысының атынан мен өзімнің не өз бизнесімнің мүдделері үшін лобби жасап отырғаным жөнінде хат келді. Мен ресми түрде өзімнің ешқандай да мүддем жоқ екенін мәлімдеймін. Ал Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Марат Оразалинге келсек, қоғамдық жұмыстармен айналысатын депутаттың бұл адамдармен қандай байланысы барын мен білмеймін», – деді Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов.
Жиналыс хаттамаларында сәйкессіздіктер айқын көзге көрінеді. Қатысушылар мен аумақ аудандары әртүрлі берілген, жиналыста болмаған адамдар мен еңбекке қабілетсіз жандар да қатысушылар тізімінде жүр, мұның бәрі жергілікті билік әрекетінің заңдылығына күмән тудырады. Одан қалды, Зеренді ауданы әкімдігі бір жердің кадастр нөмірін екі рет жазған, ал бұл өрескел заң бұзушылық болып табылады. Бұл қадам біртұтас компанияны бірнеше бөлікке бөліп тастап, құқық бекітетін құжаттарда түрлі қиындықтар мен шатасулар туындатып отыр. Мұндай әрекеттер заң негіздеріне нұқсан келтіреді.
Қазіргі таңда серіктестік қатысушыларының 2023 жылғы 29 наурыздағы хаттамасы Алматы облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 13 тамыздағы шешімімен заңсыз деп танылып, күшін жойды.
Бұл жағдай биылғы жылдың өзінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қауіп төндіреді. Берілген актілер мен жалдау шарттарының негізінде «Зеренді-Астық» ЖШС-нен заңсыз жолмен тартып алынған егістікке жарамды жерлердің жалпы аумағы 18 959,01 гектарды құрайды.
Біздің жер учаскелерімізге қатысты жоғарыда аталған деректер алдын ала жоспарланған және қажетті құрылымдармен келісілген сипат алып отыр. Оның мақсаты – біздің жерлерімізді өздерінің үлестік компанияларына тартып алу. Бұған дәл бір күні, 2023 жылғы 15 желтоқсанда Зеренді полиция бөлімінің тергеушісі біздің жер учаскеміз түріндегі мүлікке өзі қойған арестті шешіп, сол күні Зеренді ауданының прокуроры Зеренді ауданының мемлекеттік тіркеу және жер кадастры бөлімінен сол уақытта біздің жер учаскелерімізге салынған барлық ауыртпалықтарды шешуді талап етіп, дереу оларды жаңа жер пайдаланушылардың атына тіркеу жүргізуі дәлел бола алады.