Басты жаңалықтар

Шатырдан екі оқушы секіріп кеткеннен кейін ұстаздар ата-аналарға үндеу жасады

"Көк кит" ("Тыныш үй" немесе "Қызыл дельфин") – балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін қауіпті ойын

Екі жетінші сынып оқушысының қазасынан кейін Алматы мектептерінде суицид тақырыбында жиналыстар өткізіліп жатыр. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың киберқауіпсіздігі туралы пікір білдіріп, ата-аналардан олардың телефондарына назар аударуды сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Мұның себебі – қауіпті "Қызыл дельфин" атты өлімге әкелетін ойын туралы тараған қауесеттер, ол "Көк кит" ойынының аналогы.

Қоғам белсендісі Әсел Татишева қайтыс болған оқушының асына қатысқанын айтып және қыздардың өмірін ойынның жалмағанын мәлімдеді.

"Бір апта бұрын осыған ұқсас жағдай 120 мектепте болды. Менің ойымша, бұл фактіні жасыру балаларды қатерге тіреді, ал қыздарды құтқаруға болар еді. Жаңа ойын "Қызыл дельфин" деп аталады," – деп жазды ол.

Алматылық ата-аналар мен тіпті кейбір мұғалімдер де бұл ойынның себеп болуы мүмкін деп санайды. Екі оқушының өлімінің нақты себебі әлі анықталған жоқ. Тергеу жалғасуда. Алайда, балалардың құқықтарын қорғау комитеті бүгін алаңдаушылық білдіріп, балалардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Балалардың кез келген интернеттегі қауіптен алдын алу және олардың қорғанысын күшейту мақсатында комитет "зиянды цифрлық ойындарды бақылау және бұғаттау бойынша шешуші шаралар қабылдауды" ұсынды.

"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Ата-аналар балаларының кірген сайттарына және интернеттегі әрекеттеріне ерекше назар аударуы қажет. Әрбір ата-ана қолжетімді ата-ана бақылау құралдарын қолдануға міндетті. Балалармен қарым-қатынас және олардың өміріне қатысу – оларға қауіпсіз орта құрудың жалғыз жолы. Өз кезегінде, жауапты мемлекеттік органдар осындай қауіп-қатерлерді бұғаттау үшін бар күшін салады," – деп атап өтті ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

"Көк кит" ("Тыныш үй" немесе "Қызыл дельфин") – балаларды өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін қауіпті ойын. Ашық дереккөздерде жазылғандай, жасөспірім осы ойынды ойнай бастаған соң, оған түрлі тапсырмалар беріледі. Соңғы тапсырма – өз-өзіне қол жұмсау. Ойынды жүргізушілер ойыншыларды олардың мекенжайларын анықтап, егер суицид жасалмаса, жақындарының біреуі өледі деп қорқытады. "Көк кит" ойыны 50 күнге созылады.