Калейдоскоп

«Түнде үсік жүреді»: 21 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады

Қазгидромет 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен жаңбыр жауады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн бұзылады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Ақтөбе облысының солтүстігінде сынап бағаны -1°С суықты көрсетіп, түнде үсік жүреді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау өңірінің шығысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Ұлытау өңірінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.