Қоғам

«Өз-өзіне қол жұмсаған»: Петропавлда тағы әскери қызметкердің мәйіті табылды

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері департаментінің баспасөз қызметі 21 қыркүйекте Петропавлда үйлердің бірінің жертөлесінен әскери қызметкердің мәйіті табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол қорғаныс істері департаментімен келісімшарт бойынша қызметк еткен. Қайғылы оқиға жұмыстан тыс уақытта болған.

«Алдын ала деректер бойынша келісімшарттағы әскери адам отбасылық жанжал салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. Оның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Ішкі істер министрлігінің әскери тергеу басқармасы орталық өңірлік қарулы күштеріне қарасты Петропавл тобының Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

Өз-өзіне қол жұмсау туралы хат бар екенін әскерилер хабарлайды.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасы хабарлады. Бейресми деректерде марқұмның кіші сержант шені болғаны айтылды.