Қоғам

Хайуанаттар бағындағы «панда» деген жануар боялған иттер екені белгілі болды

Хайуанаттар бағының қызметкерлері қоршаудағы панда емес,  боялған иттер екенін мойындады

Қытайдың Гуандун провинциясындағы Шаньвэй қалалық округіндегі хайуанаттар бағында панданың орнына күшіктерді бояп қойған. Зообақтың бұл қулығы әшкере болып, келушілер билетке төлеген ақшаларын кері қайтаруды талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Daily Mail порталына сілтеме жасап.

Зообақта туристер "сирек кездесетін жануарларды" кездестірген. Қоршауда қара және ақ түсті кішкентай пандалар жүгіріп жүрген. Бұл көпшіліктің назарын бірден аударады.

Өйткені панда табиғатынан ақырын қозғалатын, жалқау жануарлар. Сөйтіп мұқият қараған адамдар олардың Чоу-Чоу тұқымды иттер екенін анықтайды.

Көп ұзамай хайуанаттар бағының қызметкерлері қоршаудағы панда емес,  боялған иттер екенін мойындайды. Алайда, олар мұнымен ешкімді алдамағанын айтып, қоршауда "панда-иттер" деген жазу барын көрсеткен. Мұндай көрініске ашуланған кейбір келушілер билет ақысын қайтаруды талап етті.