Мейрамбек Бесбаев үшінші рет әке болды
Бұған дейін әншінің жары Мархабат аяғы ауыр суретін желіге салып, көпшілікке сүйінші жаңалығын бөліскен еді.
Әнші Мейрамбек бесбаевтың жары Мархабат үшінші мәрте ана атанып, бөпесін қолына алды, деп жазды Kyn.kz тілшісі. Қуанышты жаңалықты ақын Серікзат Дүйсенғазы бөлісті.
"Мәкебай досым, осыдан он ай бұрын туған еліңде көкпар беріп, қалың елдің ақ батасын алып едің. Халықтың тілегі қабыл болып кішкентай сәби дүниеге келген екен. Жаратушы Алла ұлық қой. Балапанның бауы берік болсын! Ғұмыр жасы ұзақ болсын! Мархабат екеуіңе шөбереден шөпшек сүю нәсіп болсын! Қатты қуанып отырмын",-деп жазды Серікзат Дүйсенғазы.