Баян Мақсатқызы бетіне қалай және қашан пластикалық ота жасатқаны жайлы айтты
Белгілі продюсер екі жыл бұрынғы қайғылы жағдайдан кейін бет-әлпетінің бұзылғанын растады
"Қай жерімнің пластикасын айтасыздар? Екі жыл бұрынғы қайғылы оқиғадан кейін бет-әлпетім өзгергенімен, бүгінгі бейнеме толықтай разымын. Әрине, қазір бұрынғыдай емеспін, бірақ пластика жасатқаннан емес, керісінше жасамағаннан. Сондықтан, келешекте мұрынымды түзетемін деп шештім", - деп, Баян "Пластика жасаттыңызба?" деген сұраққа жауап қайтарды. "Сіз өзгеріп кетіпсіз", "бұрынғыдай емессіз" деген комментарилерге: "Мұндай сөздер орынсыз, біздің қоғамда тәрбиесіз адамдардың бары мені қынжылтады. Менің басыма түскенді Алла сіздерге көрсетпесін. Ерінімді жасатқан жоқпын, филлерлерге жүгінген жоқпын, ботокс салмадым. Өзім жүйелі түрде күтінемін, апта сайын косметологке барамын, үйде болғанда да сұлулығыма көп уақытымды бөлемін", - деп, сұлулығы - күнделікті күтімнің жемісі екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, 44 жастағы танымал продюсер жас қыздардың қасында өзін еркін сезінетінін айтып, қыпша белімен мақтанатынын айтты. Әдемілікті жаны сүйетін жұлдыз оқырмандарынан мін таға бермеуді сұрады.