Алматыда екі оқушы шатырдан құлады: ІІМ қыздардың телефонында «суицидтік ойыны» болмағанын мәлімдеді
Министрліктің айтуынша, қайтыс болған әр адам бойынша телефондарды тексеру жұмыстары жүргізіледі
ІІМ Алматыда шатырдан құлап көз жұмған екі жасөспірімнің телефонынан суицидтік ойын болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
«Олардың суицидтік ойынға қатысқаны анықталған жоқ. Қазіргі уақытта телефонды қосымша зерттеу жұмыстары жүргізілуде, жойылған хабарламаларі мен қосымшаларды қалпына келтіру мақсатында тексеру жалғасуда», – деп мәлімдеді ІІМ.
Министрліктің айтуынша, қайтыс болған әр адам бойынша телефондарды тексеру жұмыстары жүргізіледі.
«Қазақстандықтардың интернетте суицидтік ойындарға қатысуы анықталған жоқ», – деді құқық қорғау органдары.
Сонымен қатар, жыл басынан бері шамамен 22 мың заңсыз шетелдік сайт анықталып, олар туралы ақпарат Мәдениет және ақпарат министрлігіне қолжетімділікті бұғаттау үшін жіберілген.