Тағы да суицид: Алматыда 18 жастағы жігіт көз жұмды
Полиция басқармасының бөлімі қылмыстық іс қозғады
Алматыда тағы да 18 жастағы жігіт қаза тапты. Полиция бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде қаланың көпқабатты үйлерінің бірінен 18 жастағы жігіт секірді деген ақпарат пайда болған еді. Алматы қаласының Полиция департаменті жігіттің өлімі расталғанын мәлімдеді.
"Бұл факті бойынша Әуезов ауданы Полиция басқармасының бөлімі қылмыстық іс қозғады. Мотиві мен мән-жайлары анықталуда", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.