Қоғам

«Қар жауады»: 24-26 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы

Ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін төмендейді

"Қазгидромет" синоптиктері 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.  

Болжауынша, 26 қыркүйекте еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады, ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін төмендейді.

"Қалған аумақта солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа температурасы төмендейді: республиканың батысында +18+26°С, солтүстікте, шығыста +5+10°С, орталықта +7+15°С, оңтүстікте +12+20°С, таулы аймақтарда +2+10°С дейін", - делінген хабарламада.