Қоғам

«Бір апта өтті»: белгілі эколог шатырдан құлап көз жұмған қызы жайлы айтты

Мухамеджанов: адамдар жағымсыз дүниелер жазуда

Белгілі эколог Евгений Мұхамеджанов алғаш рет марқұм қызы Айша Мұхамеджанова туралы жазба жариялады, деп хабарлайды, Kyn.kz тілшісі. 

Қапыда қызынан айырылған әке   Facebook парақшасында соңғы күндердегі есеңгіреген хәлі жайлы жазды Сондай-ақ,  ол қолдау білдірген көпшілікке алғысын білдірді.

«Менің періштемнің керемет әлемге кеткеніне бір апта өтті. Болған оқиғаны миым әлі қабылдай алар емес. Мен көңілімді жұмысқа бұруға тырысып жатырмын. Әзірге оңай емес. Тексеру жұмыстарына үміт артамыз. Біз арқылы басқа да істерді жіті қарауға болады. Полицейлердің жалған ақпарат таратқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткеніне ризамын. Адамдар сондай жағымсыз нәрселер жазуда, тіпті бұқаралық ақпарат құралдарының жазғаны одан асқан жаман. Мұны оқу өте қиын», - деген Евгений Мұхамеджанов.

Еске салсақ, 16 қыркүйекте екі оқушы қыз шатырдан құлап көз жұмған болатын.