Саясат

Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарларын тағайындады

Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев және Марат Қабиденұлы Жұмабаев ҰҚК төрағасының орынбасары болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлады KYN.KZ тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Тілепбергенұлы Наймантаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар Марат Қабиденұлы Жұмабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымына тағайындалды", – делінген құжатта.