Мәдениет

“Пиво ішіп отырғанбыз”: Мақпал Жүнісова қызықты оқиғасымен бөлісті (ВИДЕО)

Құлағына «апа, мен ол кезде «пиво ішкен жоқпын» деп сыбырлаймын

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова бұрынғы кезін еске алып, күлкілі жағдаймен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі Орал қаласында болған оқиғасын айтты. 

“Оралға жолға жиналып жатырмын, соңғы барғанда қандай көйлек киіп едім деп мұрағатты ақтарсам, оралдық мықты әнші Еркін Өтегеновтің ән кешіне барыппын. Сонда апам шығып, «менің жас кезімде келгенімде таң атқанша отырып едік Пивашевпен» дегенде «шок» болдым. Құлағына «апа, мен ол кезде «пиво ішкен жоқпын» деп сыбырлаймын. Сөйтсем, бастықтарының тегі Пивашев екен, маған «пиво ішіп отырғанбыз» деп естілді, - деп көпшілікті күлкіге қарық қылды.