Желіде ер адамның сарбазды ұрып-соғып жатқан видеосы тарады (ВИДЕО)
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады
Желіде әскери киім киген жігітті ұрып-соғып жатқан видео тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бейнежазбадан үш жігіттің біреуін жабылып ұрып жатқанын байқауға болады.
ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы бұл ақпаратты растады.
"Бұл оқиға бойынша 2024 жылдың 23 қыркүйегінде "Батыс" РМК Әскери полициясы қылмыстық кодекстің 440-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды", – деп жазылған хабарламада.