Қоғам

Астанада LRT эстакадасында асылған ер адамның денесі табылды

Полиция қайғылы оқиғаны растады

Астанада LRT эстакадасында асылып қалған ер адамның денесі табылды. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты пікір білдірді,

Бұл туралы видео WhatsApp желісі арқылы тарап кеткен. Полиция қайғылы оқиғаны растады. Қазіргі кезде мән-жайы анықталуда.

"102 арнасына Нәжімеденов көшесіндегі құрылыс объектісінде асылып тұрған адам туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері 38 жастағы марқұмның жеке басын анықтады. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Мән-жайлар анықталып жатыр", - деп түсіндірді Астана Полиция департаменті.