ІІМ сарбазды ұрған видеоға қатысты: күдіктілер анықталды
Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында екені айтылды
Желіде тарап кеткен пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видео анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиға 2023 жылдың күзінде, әскери қызметшілер үйге қайтып бара жатқанда болған.
"Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі “Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданды. Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында", - делінген хабарламада.