“Ондай адамдарды мен сыйламаймын”: Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллинге деген ренішін жеткізді
Ақбота Керімбекова жас әншілердің амандаспайтынын айтып, оларды барынша қарапайым болуға шақырды
Әнші Ақбота Керімбекова әріптесі Нұрболат Абдуллиннің амандаспайтынын айтып, сынға алды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Adal Adam Youtube арнасына берген сұхбатында әңгімеледі.
«Нұрболат Абдуллиннің өзіндік үні бар. Оның әншілігін жоққа шығармаймын. Бірақ сый-құрмет жағынан қатты сыйлаймын деп айта алмаймын. Мұны өзі де түсінер. Жалпы, ондай пікірде жалғыз мен ғана емес шығармын. Оның себебін айтсам, қазір жарқырап шықты ма, кеуделерін аспанға тіреп қояды. Өмірінің соңына дейін солай жүретін сияқты. Қасыңда тұрып амандаспай кететін әншілеріміз бар, жастар. Көріп тұрып көрмегенсіп кететіндерді де көз көріп жүр. Ондай адамдарды мен сыйламаймын. Мен Нұрболат Абдуллинді солардың қатарына жатқызамын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын, айтамын да. Мына көкірегін түсірмесе ертең біздің жасымызға ол да келеді. Оның артынан мықтылар да шығады. Адам барынша қарапайым болуы керек. Жұлдыз болдым екен деп көкірегін керудің қажеті жоқ», — деді әнші.