Басты жаңалықтар
Аса қатыгездікпен өлтірілген Әл-Бейне ісіне қатысты сот үкім шығарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2024
- 716
Сот үкімі бойынша айыпталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматыда сот Әл-Бейне Зарипованың өліміне қатысты қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі бойынша, Әл-Бейне Зарипованың бұрынғы күйеуі қасақана кісі өлтіргені және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа режимдегі колонияда өтейтін болды.
Айта кетсек, 2024 жылдың 31 қаңтарында түнгі сағат 03:30 шамасында Дубайдан ұшып келген Әл-Бейне Зариповамен күйеуі Алматы әуежайында әйелімен кездеседі. Екеуі үйіне бірге қайтқан. Ер адам қызғанышқа байланысты жанжал кезінде жұбайына көптеген пышақ жарақаттарын салып, әйел сол жерде қайтыс болған.
Келесі мақала