Алдағы үш күнде елімізде күн жылы болады
Ауа температурасы күндіз бірте-бірте көтеріледі
Синоптиктер елімізде 26, 27 және 28 қыркүйек күндеріне ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын, қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, жел күшейіп, ауа температурасы түнде 2-7 градусқа дейін төмендейді.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында және орталығында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
«Ауа температурасы күндіз бірте-бірте көтеріледі: республиканың батысында +20+27, солтүстікте, орталықта +15+23, шеткі оңтүстікте +18+25, оңтүстік-шығыста. +12+20, республиканың шығысында ауа температурасы +3+11 шамасында күтілуде», - делінген хабарламада.