Қоғам

Алматыда студент көз жұмды

Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Алматыда студенттің мәйіті табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Almaty Management University баспасөз қызметі студенттің өлімі туралы ақпаратты растады. Қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

«Университет құқық қорғау органдарына оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты көмек көрсетеді. Алматы Менеджмент Университетінің әкімшілігі марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады және оның отбасына қажетті қолдау көрсетеді», - деп жазады университет баспасөзі.

Университет көпшіліктен отбасына құрмет көрсетуді және расталмаған ақпаратты таратпауды сұрады.