Құраннан үзінді жариялаған Нұртас Адамбай жазаланды
Ал Нұртастың өзі Құраннан бұлай үзінді жариялау заң бұзушылыққа жататынын білмеген.
Астана соты танымал актер Нұртас Адамбай әлеуметтік желіде Құранды тәпсірлегені үшін жазалады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Нұртас Адамбай сотта жеңіліп қалды. Тамыздың аяғында бұл белгілі болды. Бұрынғы КВН мүшесі және актер діни материалдарды таратқаны үшінжеліде Құран сүрелерін/аяттарын келтіргені үшін 184 600 теңге айыппұл төледі. Бұл тек заңда көрсетілген жерлерде ғана жасалуы тиіс. Сондай-ақ ол мәдениет және ақпарат министрін, яғни Аида Балаеваны, тым болмаса оның орынбасарын сотқа шақыруды өтінді, бірақ оған бас тартылды", – делінген хабарламада.
Ал Нұртастың өзі Құраннан бұлай үзінді жариялау заң бұзушылыққа жататынын білмеген. Сондай-ақ ол сотқа мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуын сұраған.
Айта кетейік, актерді тамыз айында дін істері басқармасы сотқа берген болатын. Себебі ол әкімшілік кодекстің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзған".