Қоғам

"Үйінде ұрып, боқтады": 15 жастағы қыз өзін 20-дағы баланың қалай зорлағанын айтты

15 жастағы қыз өзін 20 жастағы жігіттің зорлағанын айтып, әлеуметтік желіге жазба қалдырды.

Атырауда 15 жастағы қыз өзін 20 жастағы жігіттің зорлаған айтып, әлеуметтік желіге жазба жариялады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

"Мені 20 жастағы жігіт зорлады. Арыз жазылған, бірақ олардың әулетіндегі үлкен кісілер, отбасы біздің артымыздан жүгіріп, келін қылып аламыз, арыздарыңды қайтып алыңдар деп келген.

Менің анам қазақылыққа салынып, екі жақ келісіп, мені 15 мамыр күні сол жігітке ұзатты, аяғым ауыр болғандықтан дәрігерге тіркелуге барғанда 18 жас жоқ деп полиция шақырылып, жігіттің үстінен іс қозғаймыз деген, сол кезде енем тергеушілер артынан жүгіріп, ақша беріп, органдарда туыстары жұмыс істейтін, соған өтірік УЗИ қағазын жасатып, баласын жазадан алып қалды.

Енді мені үйінде ұрып, боқтап, алмаймыз деп үйіме әкеліп тастады, менің аяғым ауыр, төрт ай. Анам осы жайтты естіп, ауруханаға түсті.

Атырау Полиция департаменті арызды қайта қараса екен дейді", – дейді жәбірленуші.