Қоғам

Бишімбаев Салтанаттың ағасына 16 млн моральдық шығын төлейтін болды

Сотталған экс-министр Бишімбаев тағы бір сотта Салтанат Нүкенованың отбасына жеңіліп қалды.

Ол марқұм Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге материалдық және моральдық шығынды өтейді:

қылмыстық іс бойынша шығыстар – 6,9 млн теңге (шамамен $14 мың)

моральдық шығын – 10 миллион теңге (21 мың доллар)

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне кінәлі деп танылған экс-министр 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Іс резонанс тудырып, қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. Бишімбаевқа қатысты сот процесі тікелей эфирде көрсетілді.