Мәдениет

«Бриллиант сақинамды шешіп бердім»: Мақпал Жүнісоваға кішкентай тыңдарманы сыйлық берді (ВИДЕО)

Әншіге кішкентай тыңдарманы зергерлік бұйым сыйлады

Әнші Мақпал Жүнісоваға концертте кішкентай қыз зергерлік бұйым сыйлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Кішкентай тыңдарманынан сыйлық алған өнер иесі де, оған өз сақинасын шешіп берді.

«Маған сахнада күтпеген жерден періште қыз тұмарша сыйға тартты. Риза болғаным соншалық анаң тағып жүрсін деп бриллиант сақинамды шын жүректен саусағымнан шешіп бердім. Аман болайық!», - деп жазды әнші.