«Әділ сотқа сенемін»: Жұлдыз Әбдікәрімова заңгерлерден көмек сұрады
Жұлдыз Әбдікәрімова кіммен және не үшін соттасатынын жақында мәлім ететінін жеткізді
Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өз танысымен соттасатынын айтып, заңгерлерден көмек сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазады.
Айтуынша, танысы оның сеніміне кіріп, кейбір құжатқа қол қойдырып алған.
"Сот болады. Менің қорғаушыларым қобалжулы. Қарсы тарап таныс-тамырларын қосып, сотқа ықпал етпекке әрекет етіп жатыр екен. Қанша жерден дөкейлерін қосып, тырнағын батырғысы келсе де, мен әділ сотқа сенемін", - деді ол.
Жұлдыз Әбдікәрімова кіммен және не үшін соттасатынын жақында мәлім ететінін жеткізді. Сондай-ақ, оны жарияламас бұрын заңгерлермен ақылдасып алмақшы екен.
"Бәлкім, араларыңызда заңгерлер болса, кеңес берерсіздер. Заңгер, қорғаушы болсаңыз, менің сотым ашық өтсе, келіп қатысасыз ба?", - деп жазды актриса.