Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды
Астанада түнде және таңертең тұман түседі
29 қыркүйекте Астана, Шымкент қалаларында және Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап
Ұлытау облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с болады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында шаңды дауыл болады.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, кей уақытарда екпіні 23-28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15- 20 м/с. Төтенше өрт қаупі (5 класс) сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.