Қоғам

Балғынбек Имашев: АЭС, Референдум Ресейдің - бағы, қазақтың-соры

Ақын Балғынбек Имашев АЭС салу мәселесіне тоқталып, жай азаматтардың мұндағы рөлі жайлы айтты.

Ақын Балғынбек Имашев Қазақстанға АЭС салу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді. Сөзінше, бұл мәселе бүге-шүгесіне дейін баяғыда-ақ шешіліп қойған, деп жазды Kyn.kz  тілшісі.

Референдум деп таңдау жасауға мүмкіндік берген соң ақын ретінде емес, осы елдің азаматы ретінде өз сөзімді айтам. Ештеңе өзгермесе де (салынуы шешіліп қойған мәселе).
Бұл мәселені “Ресейдің (орыстың емес) - бағы, Қазақтың (Қазақстанның емес) - соры” деп білем. Неге соры?
Біріншіден, Өйткені, бізде таңдау еркі жоқ! Бізге оны тек Ресей салады! Дамыған жапондар емес, тәжірибелі француздар емес, сапасүйер немістер емес. Ақ Патшаның (әлемге жексұрын Пұт-иннің) әлі де боданындамыз. Біздің қожайынымыз, бізді әлі босатқысы жоқ! Жоқ, біз тәуелсізбіз десеңіздер, Кедендік одақтан, ОДКБ-дан шығып көрейік. Жәй бір шығып, таза ауа жұтып, қайта кіреміз десек те шыға алмаймыз.

Екіншіден, бізде білікті маман жоқ! Бар болса да мемлекетке олар керек емес, олардың пікірі де, білімі де керек емес. Өйткені, билік істі өз мамандарына емес, “өз адамдарына” басқартады. Бізде АЭС салу, оны меңгеру, жүргізу түгілі мемлекетті басқаратын кадрлар тапшы. Кадр жетіспеушілігі емес (кадровый дефицит емес, кадровый голод)!!! Бізде идеология да, идеолог та жоқ. “Ұлттық Құрылтай” дегенді ойлап тауып, ойына келгендерді мүше қылды. Құрамында ұлт қаймақтары болмаған соң НұрОтанның сьезінен төмен шара болды.

“Екінші Республика” деген “үлкен сөз” уәлиі жоқ, сұрауы жоқ, талақ берілген екінші әйел сияқты болып қалды. Облыс, аудан әкімдері “ескі Қазақстандағыдан” бір емес, екі бас төмен! Министрлер мен Үкімет туралы мүлде үндемеймін. Жемқорлық ше? Бұрынғылар пара алса да бірдеңе шешетін еді, қазіргілердің параға деген араны екі есе үлкен, жауапкершілігі екі есе аз емес, вообщее (мүлде деген сөз әлсіздеу боп тұр) ЖОҚ!
Білікті маман шығаратын есі дұрыс оқу орны да жоқ қой, білім саласындағы жағдай сын көтермейді",-деп жазды ақын Балғынбек Имашев.